24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР (@tv24kz_kaz) — Telegram-канал | Telegram Dialogs
Telegram Dialogs — логотип
Все каналы
24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

@tv24kz_kaz

27.6K подписчиков новости и сми

📌Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/tv24kz_rus 📮24KZ арнасының телеграм ботына жаңалықтарыңызды жіберіңіздер: https://t.me/news24kz_bot

Последние публикации

24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР
31.08.2026 04:00 · 👁 114
❗️Кипр жағалауында жолаушылар кемесі аударылды   Бортта 270 адам болған.    🚨 Дерекке қарағанда, сегіз адам опат болған. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.   📍 Оқиға жағалаудан шамамен 5 шақырым жерде болған. Куәгерлердің айтуынша, кемеге аяқастынан су кіріп, тез тола бастаған. 🚁 Қазір апат орнында ауқымды іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Тікұшақтар мен құтқару қайықтары жұмылдырылған. Telegram | Instagram | Facebook | TikTok | WhatsApp
24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР
31.08.2026 02:30 · 👁 247
🌦️ Бүгінге ауа райы болжамы 🌫️ Қазақстанның солтүстігінде үсік жүріп, тұман түседі. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады. ☀️ Оңтүстікте жауын-шашынсыз аптап ыстық сақталады. ⛅️ Астанада: ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Жел түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +3...+5°C, күндіз +13...+15°C. ⛈️ Алматыда: ауа райы құбылмалы болады. Күннің екінші жартысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жел 3-8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с-қа дейін болады. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +32...+34°C. Telegram | Instagram | Facebook | TikTok | WhatsApp
24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР
30.08.2026 18:48 · 👁 468
❗️Непалда опат болғандар саны артты Непал мен Тибет шекарасындағы жойқын тасқыннан 750 адам қаза болып, 3 мыңға жуық тұрғын хабар-ошарсыз кеткен. 📌 Қазір іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Нөсер жаңбыр мен өзен деңгейінің көтерілуіне байланысты Непалдың үш ауданында тұрғындарға қауіпсіз жерге көшу ескертілді. Telegram | Instagram | Facebook | TikTok | WhatsApp
24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР
30.08.2026 18:20 · 👁 467
🇨🇾 Кипр жағалауында апатқа ұшыраған кемеде қазақстандықтар болмаған 📌 ҚР СІМ мәліметінше, алдын ала ақпарат бойынша Кипр жағалауында аударылған кемеде Қазақстан азаматтары болмаған. Қазіргі уақытта қазақстандық дипломаттар оқиғаға қатысты ақпаратты нақтылауды жалғастырып жатыр. Telegram | Instagram | Facebook | TikTok | WhatsApp
24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР
30.08.2026 17:00 · 👁 497
🎾 Дмитрий Попко Сербиядағы турнирдің финалына жолдама алды 🇰🇿 Қазақстандық теннисші Куршумлия-Баня қаласында өткен ITF M15 турнирінде финалға дейін жетті. Дмитрий Попко жартылай финалда француз Эдуар Вильосладты 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Telegram | Instagram | Facebook | TikTok | WhatsApp
24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР
30.08.2026 15:27 · 👁 563
🇹🇷 Бүгін Түркия жұрты Жеңіс күнін атап өтті. Бұл 1922 жылы Мұстафа Кемал Ататүрік бастаған түрік армиясының Ұлы шабуылдағы жеңісін айшықтайтын тарихи күн. Биыл атаулы датаға 104 жыл толды. Анкарада Ататүрік мавзолейінде Режеп Тайип Ердоғанның қатысуымен ресми рәсім өтіп, ұлт көшбасшысына тағзым жасалды.
24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР
30.08.2026 13:38 · 👁 609
⚡️Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Құрылтай депутаттарының тұрғын үйіне қатысты айтылып жатқан пікірлерге жауап берді. Оның айтуынша, соңғы күндері депутаттарға қатысты түрлі алыпқашпа әңгімелер тарап, бұл жағдай буллингке ұласып барады. Министр Мемлекет басшысы мәдениет және медиа саласы қызметкерлерінің тұрғын үй мәселесін жүйелі түрде шешіп келе жатқанын атап өтті. Бұған дейін журналистерге пәтер редакциялар ұсынған тізім бойынша берілсе, кейінгі жылдары тұрғын үй тек меншігінде жылжымайтын мүлкі жоқ сала қызметкерлеріне берілетінін айтты. 📌 Сондай-ақ Аида Балаева БАҚ өкілдерін кәсіби әдеп нормаларын сақтауға шақырды.
24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР
30.08.2026 12:00 · 👁 629
🌍🧊 Еуропада мұздықтардың опырылу қаупі артып келеді Климаттың жылынуы мұздықтардың тез еруіне әкеліп, таулы аймақтардағы тұрақтылықты әлсіретіп жатыр. Бұл мұздықтардың опырылу қаупін арттырады. 🇨🇭 Швейцарияда 1850 жылдан бері шамамен 1000 мұздық жойылған. Қазір Вайссхорн мұздығы мамандардың бақылауында. Осы аптада онда үш шағын опырылу болған. ⚠️ Әзірге тұрғындарға қауіп жоқ. Алайда қауіпсіздік үшін туристік және велосипед жолдары жабылды.
24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР
30.08.2026 10:19 · 👁 639
🍉💧Сырым ауданы Қосарал ауылының тұрғыны Амантай Есенғалиев бір тамшы сусыз 10 гектар жерде қарбыз-қауын өсіріп отыр. Жинаған өніммен ауылдастарын қамтып қана қоймай, аудан орталығы Жымпитыға дейін жеткізеді. ❓Сусыз бақшаның сыры неде? Сюжеттен көріңіз⤴️ Telegram | Instagram | Facebook | TikTok | WhatsApp
24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР
30.08.2026 09:16 · 👁 602
❓Непалдағы апат қай жерде қайталануы мүмкін? 🌍Климаттың жылынуына байланысты әлемдегі мұздықтар жылдам еріп жатыр. Бұл таулы аймақтардың тұрақтылығын әлсіретіп, мұздықтардың опырылу қаупін арттырады. Непалда болған жойқын сел де мұздықтың опырылуынан туындаған. Мамандар мұндай қауіп Еуропада да бар екенін ескертеді. Мәселен, Швейцарияда 1850 жылдан бері шамамен мың мұздық жойылған. Қазір елдегі Вайссхорн мұздығы бақылауда тұр. Осы аптада онда үш шағын опырылу болған. Әзірге тұрғындарға қауіп жоқ. Дегенмен қауіпсіздік үшін туристік және велосипед жолдары жабылды. 🌡️ Климаттың өзгеруі мұздықтарды ғана емес, таулы аймақтардағы қауіпсіздікті де өзгертуде.
Чат поддержки
Ответим здесь же, обычно быстро
Здравствуйте! Напишите ваш вопрос — оператор ответит в этом чате.