24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР (@tv24kz_kaz) — Telegram-канал | Telegram Dialogs
Telegram Dialogs — логотип
Все каналы
24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

@tv24kz_kaz

42K подписчиков новости и сми

📌Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/tv24kz_rus 📮24KZ арнасының телеграм ботына жаңалықтарыңызды жіберіңіздер: https://t.me/news24kz_bot

Последние публикации

24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР
07.10.2026 19:01 · 👁 211
🌧️ Астанада жаңбыр, Шымкентте +25: үш мегаполисте ауа райы қандай болады?   🌦️ Алдағы күндері еліміздің ірі қалаларында ауа райы құбылмалы болады. Астанада жаңбыр жауып, жел күшейсе, Алматыда ауа температурасы +21, Шымкентте +25 градусқа дейін көтеріледі.   ℹ️ Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді.   🏙️ Астана   🌧️ 8 қазанда Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы сақталып, кей уақытта жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге, түнде және таңертең кей уақытта 23 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +5+7, күндіз +11+13 градус болады.   🌧️ 9 қазанда да жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы +3+5, күндіз +8+10 градус болады.   🌤️ 10 қазанда жауын-шашын тоқтайды. Түнде ауа температурасы -1-3, күндіз +9+11 градус болады.   🌍 Алдағы 3 күн бойы басқа өңірлерде ауа райы қандай болмақ?   🔎 Толығырақ 👈👈👈
24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР
07.10.2026 18:01 · 👁 211
🇰🇿🇹🇲Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды Қазақстан Президентін әуежайдан Түрікменстан Министрлер кабинеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов қарсы алды.
24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР
07.10.2026 17:46 · 👁 254
«Қазақстаннан алған сыйлықтарыма арнап арнайы шағын бөлме жасаймын» — Джеки Чан «24KZ» тілшісі Назым Кенжебай әлемге әйгілі актер Джеки Чанға сауал жолдады. Актер қазақ халқының кеңпейілдігі мен қонақжайлығын ерекше атап өтті. Сондай-ақ Джеки Чан еліміздегі түсірілім барысындағы кәсібилікті де жоғары бағалады.
24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР
07.10.2026 17:05 · 👁 261
🏦 Отбасы банк сыртқы қайта қаржыландыруды уақытша тоқтатты   📅 Шектеу 23 қазанға дейін жалғасады.   🔹 1 қазаннан бастап басқа банктер мен қаржы ұйымдарындағы қарыздарды қайта қаржыландыру талаптары өзгерді. Осыған байланысты «Отбасы банк» тұрғын үй жағдайын жақсартуға байланысты қарызды өтеуге арналған сыртқы қайта қаржыландыру несиелерін беруді уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.   🔹 Бұл өзгеріс жаңа қарыз арқылы басқа банктегі немесе қаржы ұйымындағы несиені өтеуге қатысты. Ал сыртқы қайта қаржыландыруға өтінім қабылдау әдеттегі тәртіппен жалғасады. Алайда мұндай өтінімдер бойынша қарыз беру 23 қазанға дейін уақытша жүзеге асырылмайды.   📢 Банк мұндай қарыздарды қайта беру басталғаны туралы қосымша хабарлайтынын мәлімдеді.
24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР
07.10.2026 16:25 · 👁 293
🪪 ЖСН-ді өзгертуге бола ма: ІІМ ресми түсініктеме берді   📱 Әлеуметтік желілерде азаматтардың жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) өзгертуге болады деген түрлі ақпарат тарап жатыр. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі ресми түсініктеме беріп, бұл мәселеге нүкте қойды.   Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, азаматтар уәкілетті органдарға жүгіну арқылы өздерінің аты-жөнін және басқа да дербес деректерін өзгертуге толық құқылы. Дегенмен, ведомство өкілдері атап өткендей, ЖСН азаматқа өмірінде бір-ақ рет беріледі және оны қайта өзгертуге ешқашан жол берілмейді,- делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.   ⚠️ Ведомство тұрғындарды ресми емес дереккөздердегі тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырады.
24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР
07.10.2026 15:34 · 👁 323
🎬 Әйгілі актер, режиссер Джеки Чанның «Доспехи Бога: Ультиматум» атты халықаралық киножобасының Қазақстандағы түсірілім жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрінің және жоба авторларының қатысуымен өткен баспасөз брифигінде мәлім болды.   🎥 Жиында басты рөлді сомдаған Джеки Чан кинотуындының ерекшелігін, отандық киногерлермен бірлесе атқарған жұмыс барысын баяндап, түсірілім алаңындағы қызықты сәттермен бөлісті.
24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР
07.10.2026 15:01 · 👁 335
🚗🌙🚜 Ақтөбедегі Нокин көшесінде тіршілік түнде де тоқтамайды. Бірақ бұл жолы көшеге көліктер емес, ауыр техника шығып жатыр. 🚧 Себебі күндіз мұндағы қозғалыс өте тығыз. Жолды бірнеше сағатқа жабудың өзі үлкен кептеліс тудыруы мүмкін. 🛣️ Сондықтан 6,2 шақырымдық көшені жаңарту жұмыстарының бір бөлігі түнде жүргізіліп жатыр. Бұған дейін жолдың кей учаскелерінің сапасына қатысты мәселе көтеріліп, мердігер ауысқан болатын.
24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР
07.10.2026 14:15 · 👁 334
📢8-9 қазан күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің шақыруымен Авазаға жұмыс сапарымен барады 🇰🇿🇹🇲Сапар аясында Президент Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының сегізінші Консультативтік кездесуіне, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және Каспий экология саммитіне қатысуды жоспарлап отыр.
24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР
07.10.2026 13:35 · 👁 354
❓Қазақстан Халық Кеңесі: Алғашқы жұмыс нәтижесін қашан көреміз?   📌 Сауалға Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы, заңгер, адвокат Мәди Мырзағараев жауап берді.
24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР
07.10.2026 13:02 · 👁 382
📞 Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті 🇰🇿🇷🇺Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Қазақстан Президенті Ресейдің өркендеуі және халқының игілігі жолындағы Владимир Путиннің айрықша рөлі мен табанды еңбегін атап өтті. Мемлекет басшысы Ресей Президентінің екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқанына тоқталды. Сондай-ақ тараптар алдағы бірлескен іс-шаралар кестесін қарастырды.
Чат поддержки
Ответим здесь же, обычно быстро
Здравствуйте! Напишите ваш вопрос — оператор ответит в этом чате.