KFF Team (@kff_team) — Telegram-канал | Telegram Dialogs
Все каналы
KFF Team

KFF Team

@kff_team

7.2K подписчиков другое 💬 Комментарии открыты

Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️ 🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team 🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal 🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz 🔹 Twitter: @KFF_Team 🔹 TikTok: @kff.team

Последние публикации

KFF Team
30.06.2026 17:54 · 👁 882
👑 Чемпиондық тәж қайтадан «Қайратқа» бұйырды Финалдық серияның тағдырын шешкен бесінші кездесуде алматылық ұжым сырт алаңда «Семейді» 3:2 есебімен тізе бүктірді. Жеңіс голдарын Эдсон, Жулио Занотто және Біржан Оразов соқты. 🏆 «Қайрат» – Қазақстанның 22 дүркін чемпионы #BizdinJigitter💛💙
KFF Team
30.06.2026 08:51 · 👁 1.4K
𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘 😍🔥 Футзалдан Қазақстан чемпионатының финалында «Семей» мен «Қайрат» арасындағы 5-ойын 😍 Бүгін ел чемпионын анықтайтын күн! 📆 30.06.26 | 🕗 20:00 🔵 «Семей» – «Қайрат» 🔴 🏟 «Абай арена», Семей 🎥 KFA Resmi YouTube-арнасы #KFFFutsal | #BizdinJigitter💛💙
KFF Team
29.06.2026 07:28 · 👁 3.1K
Territima-мен бірге Қазақстанда бой көтеріп жатқан жаңа футбол инфрақұрылымдарын аралап шықтық 🏟️🇰🇿 Бұл сапарда Талғар мен Қарағандыдағы академияны, Шымкент пен Ақтөбедегі стадиондарды, сондай-ақ Қызылордадағы футбол инфрақұрылымының құрылысын көрдік. Заманауи инфрақұрылым – отандық футболдың болашағына салынған инвестиция ⚽️
KFF Team
26.06.2026 11:31 · 👁 1.7K
Қазақстан U-15 құрамасы FIFA U-15 World Cup and Festival 2026 алғашқы турниріне қатысады 15 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы FIFA U-15 World Cup and Festival 2026 турниріне қатысады. Тарихтағы алғашқы жарыс 2026 жылғы 22-31 қазан аралығында Әзербайжанда өтеді. Жарыс FIFA футбол фестивалі форматында ұйымдастырылып жатыр. Бұл турнир жас таланттарды дамытуға арналған жаһандық бағдарламаның бір бөлігі. Негізгі мақсат – болашағынан үміт күттіретін ойыншыларды ерте анықтау, олардың техникалық шеберлігі мен ойын ойлау қабілетін дамыту, сондай-ақ FIFA U-17 әлем чемпионаты сияқты халықаралық жарыстарға дайындау. FIFA U-15 World Cup and Festival 2026 матчтары қақпашыны қоса есептегенде 8×8 форматында өтеді. Бұл формат дәл осы жас санатына арнайы әзірленген. Соның арқасында футболшылар доппен көбірек жұмыс істеп, ойын барысында жиірек шешім қабылдап, шабуыл әрекеттеріне белсендірек қатыса алады. Турнирдің алдын ала бекітілген талаптарына сәйкес, жарысқа 2011 және 2012 жылы туған футболшылар қатыса алады. Әр команда 14 ойыншыны, оның ішінде кемінде екі қақпашыны, сондай-ақ штабтың алты өкілін тіркей алады. Турнир екі кезеңнен тұрады: іріктеу және негізгі турнир кезеңі. Қатысушы командалар әр кезеңдегі нәтижесіне қарамастан, жарыс бойы матчтарын өткізеді. #BizdinJigitter💛💙
KFF Team
25.06.2026 07:13 · 👁 1.8K
Қазақстан Премьер-лигасының 15-тур ойындарына тағайындалған төрешілер мен инспекторлар 27 маусым Оқжетпес – Қайрат Бас төреші: Саят Қарабаев (Астана) Қапталдағы төрешілер: Сергей Калачев (Атырау), Данияр Серікболов (Семей) Қосалқы төреші: Станислав Пучков (Петропавл) VAR: Марат Ысқақов (Астана) AVAR: Нұржан Жүнісов (Астана) Инспектор: Бағдат Түсеев (Астана) Жетісу – Ақтөбе Бас төреші: Айдын Тасыбаев (Астана) Қапталдағы төрешілер: Евгений Филипчук (Шымкент), Ринат Якбаров (Семей) Қосалқы төреші: Жақсылық Сейдахметов (Талдықорған) VAR: Антон Молтусинов (Өскемен) AVAR: Денис Лабашов (Атырау) Инспектор: Сергей Уфимцев (Алматы) Елімай – Қызылжар Бас төреші: Саят Суликанов (Ақтөбе) Қапталдағы төрешілер: Алексей Шабанов (Алматы), Евгений Кольев (Павлодар) Қосалқы төреші: Елдос Қанаев (Шымкент) VAR: Денис Измайлов (Талдықорған) AVAR: Дмитрий Белоградов (Павлодар) Инспектор: Виктор Антонов (Павлодар) Каспий – Атырау Бас төреші: Бағдат Абдуллаев (Тараз) Қапталдағы төрешілер: Иван Филатов (Қарағанды), Тимур Тұрсынбаев (Астана) Қосалқы төреші: Ерәділ Тілеуов (Қызылорда) VAR: Кирилл Ткачев (Алматы) AVAR: Наргис Магау (Алматы) Инспектор: Александр Гаузер (Петропавл) 28 маусым Ұлытау – Ордабасы Бас төреші: Данияр Сахи (Қызылорда) Қапталдағы төрешілер: Самат Тергеусізов (Алматы), Артем Волков (Атырау) Қосалқы төреші: Сағадат Идрисов (Ақтау) VAR: Нариман Талапкеров (Орал) AVAR: Евгений Карлов (Павлодар) Инспектор: Сергей Пасько (Алматы) Ертіс – Қайсар Бас төреші: Георгий Чеховский (Астана) Қапталдағы төрешілер: Юрий Тихонюк (Ақтөбе), Иван Гриценко (Қостанай) Қосалқы төреші: Нұрсұлтан Әлібеков (Павлодар) VAR: Сергей Ноженко (Талдықорған) AVAR: Дмитрий Быстров (Қарағанды) Инспектор: Асхат Абданбаев (Тараз) Тобыл – Алтай Бас төреші: Данил Горда (Көкшетау) Қапталдағы төрешілер: Дмитрий Филоненко (Тараз), Вячеслав Равдель (Орал) Қосалқы төреші: Станислав Шелег (Қостанай) VAR: Сәкен Байымбет (Тараз) AVAR: Станислав Лесив (Семей) Инспектор: Серік Жаппасбаев (Қызылорда) Жеңіс – Астана Бас төреші: Александр Затула (Өскемен) Қапталдағы төрешілер: Сергей Васютин (Алматы), Темірбек Ысқақов (Орал) Қосалқы төреші: Сергей Попов (Астана) VAR: Антон Кучма (Көкшетау) AVAR: Антон Сысоев (Көкшетау) Инспектор: Болат Қарлыбаев (Орал)
KFF Team
24.06.2026 04:58 · 👁 1.7K
🇪🇺 Әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасына іріктеу кезеңіні матчтары Ақтөбеде өтеді Жолдама үшін тартыс 5 тамызда жартылай финалдық кездесулерден басталады. «Ақтөбе» исландиялық «Брейдабликпен» күш сынасса, қатар ойында «Динамо-Минск» пен «Серветт» өзара мықтыны анықтайды. Ал 2 тамызда командалар шешуші ойындарын өткізеді: жартылай финалда жеңіске жеткендер шешуші матчта кездессе, ұтылған ұжымдар үшінші орын үшін өтетін бәсекеде алаңға шығады. Квартеттің барлық матчы Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда өтеді. Мини-турнир қорытындысы бойынша екінші орын алған команда еурокубок маусымын әйелдер арасындағы Еуропа кубогының екінші іріктеу кезеңінде жалғастырады. Ал үшінші орынға табан тіреген ұжым осы турнирдің бірінші іріктеу кезеңіне аттанады. Басты жүлде – әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне берілетін жолдаманы тек топ жеңімпазы ғана иеленеді. Чемпиондар лигасының аталмыш кезеңінде барлығы 19 команда бақ сынайды. Айта кету керек, бірінші іріктеу кезеңінің негізгі матчтары 22 және 25 шілдеге жоспарланған, алайда мини-турнирлердің кестесіне байланысты «Ақтөбе» қатысатын топтың ойындары тамыздың бірінші аптасына ауыстырылды. Іріктеудің екінші кезеңінде бес үздік командаға тағы 39 еуропалық клуб қосылады. #UEFAWomensChampionsLeague
KFF Team
23.06.2026 10:31 · 👁 1.7K
ҚФФ Бақылау, тәртіптік және этикалық комитетінің отырысы өтті 2026 жылғы 23 маусымда Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этикалық комитетінің отырысы өтті.
KFF Team
22.06.2026 13:19 · 👁 2.8K
🏆 УЕФА әйелдер Чемпиондар лигасы матчтары Ақтөбеде өтеді Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан чемпионы «Ақтөбе» әйелдер Чемпиондар лигасында 3-топқа түсті. 3-топ: 🇰🇿 «Ақтөбе» 🇧🇾 «Динамо Минск» 🇮🇸 «Брейдаблик» 🇨🇭 «Серветт» Екінші іріктеу кезеңі матчтары тамыз айында Ақтөбе қаласында өтеді. Топ жеңімпазы Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне жолдама алады. #WomensChampionsLeague
KFF Team
22.06.2026 10:09 · 👁 2.3K
ҚФФ ресми мәлімдемесі Қазақстан футбол федерациясы Талғат Маруаұлы Байсуфиновтың Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кету туралы шешім қабылдағанын хабарлайды. ҚФФ бас бапкердің отставкасын өкінішпен қабылдап, шешіміне құрметпен қарады. Команда тізгініндегі жұмысы барысында Талғат Байсуфинов құрамадағы барлық кезеңдері арасында ең үздік нәтижені көрсетті. Оның ішінде әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Бельгиямен өз алаңымызда тең түсті. Оның жетекшілігімен команда өз күшіне деген сенімділікті қайтарып, ФИФА рейтингіндегі орнын жақсартты. ҚФФ Талғат Маруаұлына кәсібилігі, ісіне деген адалдығы және Қазақстан ұлттық құрамасының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдіреді, сондай-ақ оған алдағы кәсіби қызметінде сәттілік тілейді. Бапкерлер штабын жасақтау бойынша алдағы қадамдар туралы қосымша хабарланады. Ұлттық құраманың алдағы матчтарға дайындығы қалыпты күйде жалғасады.
KFF Team
19.06.2026 10:25 · 👁 3K
Футзалдан Қазақстан құрамасының 2028 жылғы әлем чемпионаты іріктеуіндегі қарсыластары анықталды Жеребе тарту рәсімі УЕФА-ның Швейцарияның Ньон қаласындағы штаб-пәтерінде өтті. Іріктеудің негізгі кезеңінде 36 ұлттық құрама бақ сынайды. Командалар үш құрамадан 12 топқа бөлінді. Матчтар үйде және сырт алаңда өтеді. Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 6️⃣-топқа түсіп, Беларусь және Албания құрамаларымен кездеседі. Негізгі раунд матчтары 2026 жылғы 12–21 қазан, 2–11 қараша, 6–9 желтоқсан аралығында және 2027 жылғы 22 ақпан мен 3 наурыз аралығында өтеді. Негізгі кезеңнің қорытындысы бойынша барлық 12 топтың жеңімпазы мен екінші орын алған үздік төрт құрама элиталық раундқа тікелей жолдама алады. Ал екінші орын иеленген қалған сегіз команда плей-офф кезеңінде әлем чемпионатының келесі сатысына шығу үшін күресін жалғастырады. #BizdinJigitter💛💙
Чат поддержки
Ответим здесь же, обычно быстро
Здравствуйте! Напишите ваш вопрос — оператор ответит в этом чате.